Байқоңырда Ғарышкерлер күні атап өтілді

Байқоңыр. 12 сәуір. ҚазТАГ – Байқоңырда Ғарышкерлер күні атап өтілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күнін байқоңырлықтар марафондық жүгірумен, велосипедпен жүрумен және мектеп оқушыларының эстафетасымен атап өтпек.
Адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 58 жыл толуына арналған мерекелік бағдарлама Байқоңырда 12 сәуір күні ертеңгісін басталды.
Сағат 9.00-де Ю.Гагарин үйінде 2-ші алаңда митинг өтті, сосын шараны велосипедшілер мен жеңіл атлетшілер жалғастырды. Олар 32 шақырымды жүгіріп өтіп, Байқоңыр қаласындағы Ю.Гагарин атындағы ескірткіш алдына жиналды.
Жүгіру аяқталғаннан кейін Ю.Гагарин ескерткішінің алдында сағат 12.00-де тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға арналған салтанатты митинг өтті.
Сосын Гагарин ескерткішінен «Ғылым және ғарыш» ескерткішіне дейін оқушылар эстафетасы өтті.
Мереке аясында мектептерде, мұражайларда, кітапханаларда, спорт кешендерінде әдеби саяхаттар, тақырыптық кештер, көрмелер, спорттық жарыстар өтті. 12 сәуір күні кешкісін қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара мен мерекелік концерт өтеді.
Еске салсақ, 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан «Восток 8К72К» замыран-тасымалдағышымен әлемде алғаш рет ғарышқа ұшқан болатын, ол Жерді 1 сағат 48 минутта бір рет айналып, Саратов облысына қонған.
КСРО-дағы осы оқиғаның құрметіне КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1962 жылғы 9 сәуірдегі жарлығымен ғарышкерлер күні мерекесі белгіленді. 2011 жылы 7 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы 12 сәуірді Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп беліглеу туралы резолюция қабылдады.
Байқоңыр ғарыш айлағынан барлығы шамамен 200 ғарышкер мен шетелдік астронавтар ұшқан.

adimage