Әбдірахымов Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Бисакаевтың орнына келді

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі ауысты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Әбдірахымов Ғабидулла Рахматуллаұлы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда. Әбдірахымов 2019 жылдың қыркүйегінен бастап премьер кеңесшісі болған, оған дейін 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Шымкент әкімі, оның алдында 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін Nur Otan партиясының хатшысы болған..
Шымкент әкімі Әбдірахымов қызметінен кеткенге дейін, ол өзінің Instagram парақшасында Лондон көшесінде қыдырып жүрген ролигін жүктеген. Роликте ол Лондонды «әлем астанасы» деп атап, қазақстандықтар Қазақстанда тұрып, жұмыс жасап, әлемге саяхаттаулары керек деп мәлімдеген. Көптеген қазақстандықтар Шымкенттің қазіргі экс-әкімінің мәлімдемесін сынға алып, Қазақстанның көтеген халқының тіпті өмір бойы жұмыс жасаса да әлемге саяхаттай алмайтындарын жеткізген. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде еуропалық нәсілдегі әйелдің шомылу киімімен кеме бортында Әбдірахымовқа ұқсас ер адаммен бірге түскен суреті тараған. Суреттің астында ол жанындағы адамды «күйеуім» деп көрсеткен.

adimage