Белгілі қазақстандық самбошылар – ағайынды Айтжан және Қайрат Шаңғараевтар өмірден өтті

Алматы. 14 шілде. ҚазТАГ – Белгілі қазақстандық самбошылар – ағайынды Айтжан және Қайрат Шаңғараевтар өмірден өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Айтжан Шаңғараев (1963 жылы туған) – 1981 және 1984 жылдардағы КСРО екі дүркін чемпионы, 1983 жылғы КСРО Кубогінің иегері, 1984 жылғы Еуропа чемпионы, 1994 жылғы Әлем кубогінің иегері, КСРО Халқы спартакиадасының екі дүркін жүлдегері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, ҚазКСР бірнеше мәрте чемпионы. 1981 жылдан бастап 1987 жылға дейін самбо бойынша Кеңес одағы құрамасының мүшесі болған. Ол 17 жастағы ересек ер адамдар арасында КСРО чемпионы болған алғашқы қазақ.
Қайрат Шаңғараев (1965 жылы туған) – 1983 және 1984 жылдардағы ҚазКСР біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, «Мемориал А. А. Харлампиева» халықаралық турнирінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы. (...) Олардың үлкен апасы Қаншайым Құнаева атап өткендей, ағайынды Айтжан және Қайрат Шаңғараевтар үнемі бірге болған.
«Олар спорттық мансаптары бойынша біраз жерде болды. Өмір бойы бірге болды. Және бірге қайтыс болды», - деді ағайындылардың апасы.
Туыстарының айтуынша, олардың екеуі де коронавирустен қайтыс болған.
«Қайраттың төрт баласы, екі немересі, Айтжанның 10 баласы, төрт немересі қалды», - деді Шаңғараевтардың апасы.
Ол атап өткендей, Айтжан Шаңғараев 22 маусымда, Қайрат Шаңғараев – 11 шілдеде қайтыс болған.
«22 маусымда Айтжан көз жұмды, ауруханаға оны сараптамалары болмағасын қабылдамай қойған, COVID-19 бойынша сараптама қорытындысы тіпті келмеген. Оны 22 маусымда жан сақтау бөліміне жатқызған, сол күні ол өмірден озған, ал 11 шілдеде Қайрат өмірден озды. Ол да 10 күн бойы ауруханада жатты, күресті. Бірақ соңғы күні дәрігерлерге: «Сіздерге көп рақмет, мен енді ағама барайын» депті»,- деді Қаншайым Құнаева.
ҚазТАГ ХАА редакциясы Айтжан мен Қайрат Шаңғаревтардың мезгілсіз өмірден өтулеріне байланысты, марқұмдардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

adimage