Белгілі журналист Шәріп Құрақбай өмірден озды

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ - Белгілі журналист Шәріп Құракбай өмірден озды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін «Жұлдыздар отбасы Аңыз адам» журналы редакторының орынбасары Шәріп Құрақбай өмірден озды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ш.Құрақбай бұған дейін «ДАТ» газетінің бас редакторы болған, «СӨЗ» және "Правда Казахстана» газеттерін басқарған. Ш.Құрақбай 62-де.  
Журналистті ақтық сапарға шығарып салу 15 тамызда сағат 10.00-де Алматыда Рысқұлов даңғылы 60, 49 пәтерде болады, Жансүгіров көшесінің қиылысында.  

adimage