Бельгия соты велошабандоз Александр Винокуровқа тағылған айыпты алып тастады

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Бельгия соты қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровқа тағылған сыбайлас жемқорлық айыбын дәлелдердің болмауына байланысты алып тастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен бұл мәселеге ақыры нүкте қойылғанына, соттың бірден-бір әділ шешім қабылдағанына өте қуаныштымын. Тек алға болашаққа қараймыз! Біз биыл өте сәтті маусымды өткіздік, дегенмен алда әлі талай жұмыс пен жоспарлар бар! Демалмаймыз!», - деп жазды Винокуров сейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешіміне берген түсінігінде.
Еске салсақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында Льеж қаласының айыптау палатасы  олимпиада чемпионы Винокуровқа 2010 жылы өткен «Льеж - Бастонь - Льеж» веложарысында шарттық сипатта айып таққан болатын. Ал велошабандоздың өзі барлық айыптауларды теріске шығарып, істің өзіне қатысты оң шешілетініне сенімді болған еді.

adimage