Бейсенбі күні Ақтөбе және Атырау облыстарында тұман және көктайғақ күтілуде

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақтөбе және Атырау облыстарында тұман және көктайғақ күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Ақтөбе қ.: 12 желтоқсанда кей уақытта тұман сақталады. 12 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage