Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
"Республиканың басым бөлігі жоғары қысымның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын түседі, таулы аудандарда қалың жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар)", – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 4-6, күндіз екпіні 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +4+6, күндіз +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6, күндіз +13+15.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды, көбіне жаңбыр жауады. Батыстан соққан екпіні 8-13 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +9+11.
Ақмола облысында солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -1-6 (шығысында -9).
Түркістан облысында таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12 (солтүстігінде +4).
Қостанай облысында күндіз батысында, солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады Күндіз +5+10, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +13), түнде -2+3 (солтүстік-шығысында -5).
Атырау облысында батысында, орталығында, шығысында тұман түседі. Күндіз +6+11, түнде -2+3 (солтүстігінде -5).
Маңғыстау облысында солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз +9+14, түнде 0+5 (солтүстігінде -4).
Ақтөбе облысында орталығында тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде -1-6.
Қарағанды облысында орталығында және шығысында тұман түседі. Күндіз +3+8 (оңтүстік-шығысында +11), түнде -3-8 (оңтүстігінде 0).
Жамбыл облысында таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +3+8.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде, батысында тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +3+8, түнде -1-6.
Павлодар облысында түнде оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -5-10.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде +4+9.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде -1-6 (оңтүстігінде +2).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде -4+1.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады ", - деп ескертті синоптиктер.

adimage