Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның басым аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек еліміздің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, күн күркірейді. Қазақстан бойынша жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман түседі», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа райы күндіз +20+22, түнде +3+5.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +6+8, күндіз +19+21.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +23+25, түнде +9+11.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +3+8.
Алматы облысында түнде тауларында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз тауларында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +19+24 және түнде +4+9.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +3+8.
Түркістан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +6+14.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +11+16.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында күн күркірейді. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +8+13.
Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +18+23, түнде +3+8.
Павлодар облысында күндіз солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +2+7.
Қарағанды облысында түнде орталығы мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15+20.
Ұлытау облысында түнде солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +21+26, түнде +6+11.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Абай облысында батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +11+16.
Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +22+27, түнде +6+11.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде қалың жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. Жазықтықтағы өзендерде ауа температурасының көтерілуіне орай қар суының қалыптасуы, мұздардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. РФ шекарасынан судың келуіне байланысты Жайық өзенінің су деңгейі арнасынан асуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


adimage