Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қоңырсалқын жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қоңырсалқын жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің солтүстік, орталық өңірлері ауқымды, салқын антициклонның ықпалында болады, соған байланысты салқын, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың қалған бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). ҚР бойынша тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде күн күркірейді», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +1+3.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +10+15, күндіз +20+22.
Ақмола облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде -3-8 (солтүстігінде -11).
Алматы облысында күндіз орталығында және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Жетісу облысында күндіз оңтүстігнде тауларда жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +3+8.
Түркістан облысында оңтүстігі мен батысында тауларында жаңбыр жауады. Күндіз +23+28, түнде +10+15 (солтүстігінде +5).
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде, түнде батысында жаңбыр жауады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде +2+7.
Атырау облысында күндіз батысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +18+23 (оңтүстігінде +26), түнде +7+12.
Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +23+28 (батысында +13+18), түнде +7+12.
Ақтөбе облысында түнде солтүстік-шығысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +10+15 (солтүстік-шығысында +7, оңтүстігінде +18), түнде +2+7 (солтүстік-шығысында -2).
Қостанай облысында оңтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +12), түнде -3-5 (оңтүстігінде +2).
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -3-8 (шығысында -11).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +1+6 (солтүстігінде -3), түнде -3-8 (оңтүстік-шығысында +2).
Қарағанды облысында түнде шығысында тұман түседі. Күндіз +1+6 (оңтүстігінде +10+15), түнде 0+5 (солтүстігі мен шығысында -4
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +5+10 (шығысында 0), түнде -3+2 (шығысында -8-13).
Абай облысында күндіз батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Күндіз +4+9 (оңтүстігінде +15+20), түнде -3+2 (шығысында -6).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29 (солтүстігінде +21), түнде +7+12.
Жамбыл облысында ертеңгісін және күндіз таулы аудандарында қалың жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады). Күндіз +17+22, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде, сондай-ақ жазықтық аумақтарда қардың қарқынды түрде еруі, ағын сулардың қалыптасуы, мұз қату құбылысының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жауын-шашын болжамына байланысты оңтүстіктегі және оңтүстік-шғыстағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage