Бейсенбі күні Қазақстанның екі батыс облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның екі батыс облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 16 шілдеде найзағай, +35+39 қатты ыстық сқталады, оңтүстігінде +42 және төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда 16 шілдеде найзағай күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-18 м/с жел тұрады. Күндіз 16 шілдеде +38 қатты ыстық сақталады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«16 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-42 градус қатты ыстық сақталады», - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

adimage