Бейсенбі күні KASE индексі 1,02 %-ға 2311,41-ге өсті

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,02% -ға 2288-ден 2311,41-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,2% өсіп, Т579,6 млн. немесе $1440,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), KAZ Minerals PLC (+2,4%), «Кселл» АҚ (+1,2%), «Қазақтелеком» АҚ (-2%) және «ҚазТрансОйл» Ақ (1,6%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,3%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ (-0,02%) бағасы түсті.

adimage