Бейсенбі күні Шымкентте және 5 облыста дауылды ескерту жарияланды

   Астана.30 қараша.ҚазТАГ- Бейсенбі күні Шымкентте және 5 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «01 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. қ. Шымкент: 01 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. қ. Түркістан: 01 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі»,- делінген сәрсенбі күні таратылған дауылды ескертуде.
   01 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
   «01 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шыгыстан, оңтүстік-шығыстан соғады күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с»,- деп мәлімдеді «Казгидромет».
   01 желтоқсанда Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды қ.: 01 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
   «01 желтоқсанда Ұлытау облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қ.: 01 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage