Бейсенбіде KASE индексі 1,7% -ға 2377,1-ге дейін төмендеді

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ - Бейсенбідегі Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 1,67% -ға – 2417,54-тен 2377,06 дейін төмендеді.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалатын мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттыққа қатысты 10,9% -ға түсіп, 249,4 млн. теңгені немесе 761,2 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,9%) және «Қазтрансойл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.
«Астана банкі» АҚ (-25%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,01%), Kaz Minerals PLC (-0,3%), «Кселл» АҚ (-0,6%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,7%) акциялары арзандады.


adimage