БСДП президент сайлауына бойкот жариялады

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ - Біріккен социал-демократиялық партиясы (БСДП) президент сайлауына бойкот жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Иә» (президент сайлауына бойкот жариялау – КазТАГ) деп 36 делегат, «жоқ» деп 3 делегат дауыс берген. Осылайша, сайлауға қатыспау және оған бойкот жариялау туралы шешім қабылданды», - деді партия төрағасы Жармахан Тұяқбай жұма күні БСДП XIV съезінде.
Бұған дейін хабарланғандай, 22 сәуір күні БСДП саяси кеңесі ҚР президенті сайлауына үміткер ретінде ұсынған Ермұрат Бапи президент сайлауына қатысудан бас тартқан.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage