COVID-19 дертін симптомсыз тасымалдаушылармен жұмыс жасайтын дәрігерлер үстеме алмайды – ҚР денсаулықмині

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. COVID-19 дертін симптомсыз тасымалдаушыларды емдейтін дәрігерлер үстеме алмайды, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
«КВИ бойынша симптомсыз науқастармен жұмыс жасайтын дәрігерлерге бүгінгі таңда үстеме қарастырылмаған. Себебі олар аса жұқпалы науқастар болып есептелмейді, және ондай науқастарды емдеу алгоритмі бойынша оларға барудың керегі жоқ, олар ауру шыққан ошаққа бармайды, тек телефон арқылы кеңес береді», - деді Ғиният сейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, емханалардағы дәрігерлер мен медқызметкерлер үшін министрлік үстеме мәселесін қарастыруда.
«Ал жалпы емханалардағы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге келер болсақ, бүгінгі таңда ол жұқпалы аурулар бойынша зияндылығы үшін үстеме түрінде қаралуда, себебі бгүінгі таңда көптеген емханалар провизорлық стационарларға айналдырылды, олар ауру шыққан ошаққа барады, жұмыс жасайды, үйде емдейді, сондықтан бұл мәселені қазір министрлік қарап жатыр, үстеме бола ма, жоқ па дегендей», - деді Ғиният.

adimage