COVID-19 дертіне ұжымдық иммунитет ауырып тұрғандар саны 60% және одан жоғары болғанда қалыптасады – сарапшы

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская.
COVID-19 дертіне ұжымдық иммунитет ауырып тұрғандар саны 60% және одан жоғары болғанда қалыптасады, деп мәлімдеді медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева.
«(Ашық – ҚазТАГ) ақпар бойынша, егер ауырып тұрғандар саны, немесе екпе алған адамдар саны 60 және одан жоғары пайыз құраған жағдайда ғана коронавирусты инфекция барысында ұжымдық иммунитет қалыптасады», - деді Қарабаева сәрсенбідегі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, КВИ-ге ұжымдық иммунитеттің бар-жоғын анықтау үшін халықтың нақты бір бөлігіне скринингтік зерттеу жүргізу керек: қалаға немесе республикаға қандарында антидененің бар-жоғын анықтау үшін.
«Ондай зерттеулер Нұр-Сұлтанда жүргізілген жоқ», - деді Қарабаева.

adimage