Дәрі-дәрмек құралдарының қоры КВИ-ден айына 60 мыңға дейін науқасты емдеуге жетеді – ҚР денсаулық сақтаумині

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына арналған дәрі-дәрмек құралдарының қоры айына 60 мыңға дейін науқасты емдеуге жетеді, деп мәлімдеді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 инфекциясын емдеу үшін Т8,2 млрд сомаға тапшы және сұранысқа ие 44 аталымдағы дәрі-дәрмек құралдарын сатып алып жатыр, ол бір айда стационарлардағы 60 мыңға жуық науқасты емдеуге жетеді. Төмендемейтін қор көлемі өтінімнен тыс ҚР ДСМ болжамы бойынша КВИ ықтимал екінші толқыны жағдайына қауіпсіздік үшін сатып алынады», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол атап өткендей, 15 қазандағы жағдай бойынша Т5,92 млрд. сомаға 37 түрлі дәрі-дәрмек құралы сатып алынған.
«Бұл шара КВИ екінші толқыны кезінде науқастарды емдеуге қажет дәрі-дәрмек қорын жасауға және қажеттілікті жоспарлау проблемасын шешуге көмектеседі», - деді Цой.

adimage