Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 ақпан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. Нұр-Сұлтанда түнде және ертеңгісін тұман сақталады. Көкшетау қаласында дүйсенбі күні таңертең тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні кей жерлерде тұман түседі, жаяу сырма соғады. Оңтүстіктен күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Петропавлда 24 ақпанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«24 ақпанда Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз кей жерлерде бұрқасын тұрады, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда күндіз 24 ақпанда оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Қызылорда облысында дүйсенбі күні кей жерлерде тұман күтіледі, дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«24 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп хабарлады «Қазгидрометтен».
24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«24 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage