Дүйсенова: әлеуметтік көмек алушылар қиын жағдайдан шығу үшін шара қабылдауы тиіс

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Әлеуметтік көмек алушылар өмірдің қиын жағдайынан шығу үшін шара қабылдауы тиіс, деп мәлімдеді Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
«Өзгеріс қолданыстағы әлеуметтік келісім шарттың жаңа мазмұнын қарастырады, яғни тараптардың жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр. Мәселен, мемлекет отбасының әлеуметтік жағдайына қарай әлеуметтік қолдау көрсетуге міндетті, ал отбасы мүшесі немесе отбасы сол өмірдің қиын жағдайынан шығудың жолын қарастыруы керек», - деді дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында Әлеуметтік кодекс жобасын ұсынған Дүйсенова.
Ол атап өткендей, «атаулы көмек дегеніміз – қандай да бір қызметті алатын нақты адам емес, ол өмірдің қиын жағдайынан шығара алатын азаматқа немесе отбасына ұсынылатын атаулы шара».

adimage