ҚДБ-де басқарма төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары болып Сандуғаш Кенжебаева сайланды, деп хабарлады қаржылық мекеменің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады.
«С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады», - деді ҚДБ-нен.
2017 жылғы қаңтарда С.Кенжебаева «Еуразиялық Даму банкі» АҚ-ға атқарушы директор позициясына шақырылды, ал 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДБ-ға Басқарушы директор лауазымына қайта оралды. Оған дейін ҚДБ-да 2008 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, ол фронт-менеджер, кредиттік талдаушы, бас фронт-менеджер, Жобалау дирекциясы басшысының орынбасары, Жобалау дирекциясының басшысы, Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі қызметтерін атқарды.

adimage