Еңбек кабинетінде шыққан өрттен Жезқазғанда мектептегі 570 оқушы эвакуацияланды

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ - Еңбек кабинетінде шыққан өрттен Жезқазғанда мектептегі 570 оқушы эвакуацияланды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«19 қарашада сағат 11.39-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Жезқазғандағы №3 ОБМ өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіруші бөлімшелер келген сәтте еңбек кабинетіндегі жону станогы, жиһаз, ағаш еден мен терезе кәсегі өртеніп жатқан. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 12.03-те ауыздықталып, 12.10-да сөндірілген. өрт алаңы 60 ш.м. құраған. Өрт сөндіруші қызметкерлер келгенге дейін мектеп қызметкерлері 640 адамды қауіпсіз жерге шығарған, соның ішінде 570-і оқушылар», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов сейсенбі күні.
Ол атап өткендей, өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт шығуының алдын-ала себебі – электр тоғының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамдағы 15 адам мен төрт бірлік техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алды», - деді ТЖК ресми өкілі.

adimage