ЕАЭО елдеріне қазақстандық экспорт көлемі 2019 жылдың қаңтарында төмендеді

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – ЕАЭО елдеріне қазақстандық экспорт көлемі 2019 жылдың қаңтарында төмендеді, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы $1 350,3 млн. құрады, бұл 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,9% артық. Бұл ретте экспорт $409 млн ( 12,1% төмендеген), импорт – $941,3 млн ( 7,9% артқан)», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жалпы көлемде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының 92,5%-ы Ресейге, 4,4% – ы Қырғызстанға, 3% – ы Беларусияға, 0,1% – ы Арменияға тиесілі.

adimage