ЕЭК ЕАЭО статистикасының сапасын бағалауға ниетті

     Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ-Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) статистикасының сапасын бағалауды жүргізу тәсілін әзірледі, деп хабарлады ЕЭК.
   "Комиссияның статистика департаменті халықаралық стандарттар мен практикаға сәйкес ЕАЭО статистикасының сапасын бағалауды жүргізу тәсілін әзірледі. 2022 жылы оны қаржылық статистика, ауыл шаруашылығы статистикасы және білім статистикасы мысалында сынақтан өткізу жоспарлануда", - делінген ЕЭК бейсенбі күні таратқан хабарламада.
   Мәліметтерге сәйкес, тәсілдің ерекшелігі – бағалау үшін ақпаратты дайындауға тараптардың еңбек шығындарын азайту.
   Бағалау туралы уағдаластыққа ЕЭК-тің Мәскеудегі штаб-пәтерінде Статистика жөніндегі консультативтік комитет отырысының қатысушылары қол жеткізді. Кездесуде ЕАЭО мемлекеттерінің тауарларымен өзара сауда статистикасын жүргізу әдіснамасына Енгізілген өзгерістер де мақұлданды.
Сондай-ақ, ЕАЭО статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді, тараптар ұсынатын статистикалық ақпарат көрсеткіштерінің тізбесіне нақтылаулар енгізілді.


adimage