Екібазтұзда 40 жасар блогер адам зорлау күдігімен ұсталды

Павлодар. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Екібастұзда vip13k атымен посттар шығаратын 40 жасар блогер Юрий Ком адам зорлау күдігімен ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«ҚР ҚК 120 бабы 3 бөлімі бойынша (адам зорлау) сотқа дейнігі тергеу амалдары жүргізілуде. Екібастұз қаласының УҰИ-ге аталмыш қылмысты жасаған деген күдікпен 40 жасар ер адам ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады ҚазТАГ тілшісіне дүйсенбі күні Павлодар облысы полиция департаментінен.
Оның туған апасы Еленаның айтуынша, оның үш баласы бар екен. Апасы інісінің ондай жасауы мүмкін емес екенін айтады, оны біреулер әдейі жасап отыр дейді.
«Сараптама қыздың қазіргі таңда пәк екенін көрсетті, ол екі рет сараптамадан өтті», - дейді әйел.

adimage