Елордада тапшылыққа байланысты су әр уақытта түрлі қысыммен беріледі

   Астана.28наурыз.ҚазТАГ- Елордада тапшылыққа байланысты су әр уақытта түрлі қысыммен беріледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Астана Су Арнасы" МКК мәліметінше, қала халқының өсуі және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалған. Қазіргі уақытта су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Ақпаратқа сүйенсек:
- 04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады;
- 09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда;
- 12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда;
- 14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда;
- 18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда;
- 00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда", – делінген хабарламада.
   «Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу станциясы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды. Жаңа сорғы және сүзгі станциясы құрылысын аяқтау биылғы жазға жоспарланып отыр. Барлық тұтынушылардан судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерді азайту үшін суды ұтымды пайдалануды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет", - деді компания өкілдері.

adimage