Ералы Тоғжанов Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Ералы Тоғжанов Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын», - делінген сейсенбідегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Бұған дейін Тоғжанов 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан кәсіподақ федерациясын басқарған, оның алдында 2017 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Маңғыстау облысының әкімі болған, оған дейін 2008 жылдың ақпанынан 2017 жылдың наурызына дейін президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылықтың меңгерушісі қызметтерін атқарған.

adimage