Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Эркинбек Исаков Бішкек вице-мэрі қызметінен кетті, деп жазады ҚырТАГ.
«Э.Исаков тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жетекшілік еткен. Оның орнына басқа адам тағайындалған ба, жоқ па белгісіз. Бұл туралы «Азаттыққа» муниципалитет баспасөз қызметі хабарлады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін жаңадан сайланған мэр Азиз Суракматов муниципалитет аппаратының басшысы мен бірінші вице-мэрді ткағайындады. Олар сәйкесінше, «Холдинг Аю» вице-президенті Балбак Тулобаев және бұрынғы қаржы министрінің орынбасары Алмаз Бакетаев.
Еске салсақ, Азиз Суракматов ұжымға бүгін, 14 тамызда таныстырылды. Қалалық кеңес оны 8 тамызда сайлаған.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24