Иран СІМ: АҚШ нысандарына БҰҰ жарғысына сәйкес өзін-өзі қорғау мақсатында шабуыл жасалды

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, АҚШ нысандарына Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) жарғысына сәйкес өзін-өзі қорғау мақсатында шабуыл жасалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды шенеуніктерімізге опасыз шабуыл басталғанда БҰҰ жарғысының 51 бабына сәйкес өзін-өзі қорғау мақсатында Иран соған сәйкес шараларды қолға алды. Біз жағдайды шиеленістіруді немесе соғысты көздеп отырған жоқпыз, бірақ біз кез-келген агрессиядан қорғанатын боламыз», - деп мәлімдеді сәрсенбі күні ертеңгісін Иранның СІМ басшысы Джавад Зариф.
Бұған дейін хабарлағандай, Ирактағы АҚШ-тың бірнеше әскери нысандарын Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымырандар атқылаған еді.
Тегеран мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 3 қаңтар күні Трамптың бұйрығымен Бағдат халықаралық әуежайы маңайында зымыран соққысынан ирандық генерал Кассем Сулеймани өлтірілгеннен кейін күрт шиеленісіп кетті. Ресми түрде Тегеран Ирандағы иерархия бойынша екінші адамның өлімі үшін кек алуға уәде берді. Бұл жағдай мұнай бағасы қарқынды өсуді бастағанда бірқатар араптық мұнай компанияларының акцияларын түсіріп жіберді.

adimage