Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Бүгінгі таңда есепте 174 ҚР азаматы бар», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Иранда «Украина халықаралық әуе желілерінің» Boeing 737 ұшағы Тегерандағы Хомейни әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Киевке бағыт алған екен. Алдын-ала ақпар бойынша авиалайнер бортында 170 адам болған. Украина СІМ ақпары бойынша ұшақ бортындағылардың барлығы мерт болған.

adimage