Иранда бортында 180 жолаушысы бар «Украина халықаралық әуе желілерінің» ұшағы құлады

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Иранда бортында 180 жолаушысы бар «Украина халықаралық әуе желілерінің» Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады IRNA ирандық ақпараттық агенттігінен.
«Украиналық әуе желілеріне» тиесілі Boeing 737 көкке көтерілгесін сәлден соң Тегерандағы Хомейни әуежайы маңында апатқа ұшырады», - делінген хабарда.
Ұшақ Киевке бағыт алған екен. Алдын-ала ақпар бойынша авиалайнер бортында 180 адам болған.

adimage