Испанияда концертте платформа құлап, 300-ден астам адам зардап шекті

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ – Испанияда концертте платформа құлап, 300-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлады ТАСС.
«Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан концерт кезінде көрермендер отырған ағаш платформа құлап, соның салдарынан 300 адам зардап шекті.  9 адам, соның ішінде 2 кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.  Оқыс оқиға спорт және мәдениет фестивалі аясындағы концерт өтіп жатқан кезде түн ортасында болған», - деп хабарлады дүйсенбіде Виго билігі.
Полицейлер оқыс оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, ағаш платформа көрермендердің шамадан тыс көбеюінен құлап түскен болуы мүмкін..
«Оқыс оқиға ұзындығы шамамен 40 м болатын ағаш құрылымның қатесінен болған», - деп мәлім етті Энрике Сесар қалалық портының басшысы Лопес Вейга.  


adimage