Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды

    Көкшетау.29 наурыз.ҚазТАГ- Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Таңертең Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басты. Қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материалдар төселді. 111 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.
   «Барлығы: ТЖД-жеке құрамның 104 адамы, 14 бірлік техника, 9 мотопомпалар, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпалар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда»,- деп қосты ТЖД.
   Еске салсақ, 28 наурызда ҚазТАГ агенттігі Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуын хабарлаған болатын.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage