KASE индексі бейсенбі күні 0,44%-ға түсіп, 2470,05-ке жетті

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,44% -ға түсіп, 2480,99-дан 2470,05-ке дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 12,8 есе өсіп, Т833,4 млн. немесе $1962,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+1,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,8%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), KAZ Minerals PLC (-0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,4%), «KEGOC» АҚ (-0,6%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-0,7%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,7%).акцияларының бағасы түсті.

adimage