KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,32-ге өсіп, Т417,99/$1 дейін жетті

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т417,99/$1 құрады.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,32-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т417,9 – Т418,15 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $91,879 мың болды.

adimage