KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,84-ке түсіп, Т421,6/$1 болды

Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т421,6/$1 болды.
Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,84-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 421,15 – Т421,95 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $145,657 мың болды.

adimage