Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова 1 млрд теңге «Қазақстан халқына» қорына аударады

    Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – «Сәби» қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы Кеңес Рақышев пен қордың президенті әрі негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударады.
    Елімізде орын алған қайғылы оқиғаларға, ТЖ режимінің жариялануына, нәтижесінде бейбіт тұрғындар зардап шеккен жаппай тәртіпсіздіктерге, сондай-ақ бизнес өкілдеріне елеулі залал келтірілуіне байланысты Қазақстан халқына ел үшін осы қиын уақытта көмек көрсету қажеттігі туралы шешім қабылданды.
     "Біз ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқын қолдау туралы бастамасын қолдадық. Бұл жағдайда КЕҰ мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - бұл Қазақстан халқының әл-ауқаты, өз елінің болашағы үшін тікелей жауапкершілік", - деп есептейді Кеңес Рақышев.
      "Сәби" қоры 2002 жылы құрылған. Оның қызметінің негізгі бағыттары - балалардың денсаулығы және олардың физикалық дамуы, сонымен қатар руханият және білімге қол жетімділік. Өзінің белсенділігін қоғамның ең қорғалмаған топтарына бағыттай отырып, "Сәби" қоры жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан дарынды балаларға, денсаулығы нашар балаларға, сондай-ақ негізгі мақсаттарының шекарасын кеңейте отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетумен айналысады.


adimage