Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,2-ге өсіп, Т375,94/$1 дейін жетті

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т375,94/$1 құрады. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,2-ге түсті
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т375,3 – Т376,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $113,58 мың болды.

adimage