Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,2-ге өсіп, Т383,04/$1 болды

Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т383,04/$1 болды.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,2-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т382,3 – Т383,65 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $90,71 млн болды.

adimage