Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,32-ге өсіп, Т385,07/$1 дейін жетті

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т385,07/$1 құрады. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,32-ге түсті
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т384,29 – Т386,15 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $192,42 мың болды.

adimage