Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке түсіп, Т379,75/$1 дейін жетті

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т379,75/$1 құрады. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,35-ке өсті
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,2 – Т380 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $94,88 мың болды.

adimage