Әкімдіктер делдалдарды көбейтіп отыр – Смайылов

   Астана.7 ақпан.ҚазТАГ- Әкімдіктер делдалдарды көбейтіп отыр, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Алихан Смайылов.
   "Бірінші кезекте өнім өндірушілерді қаржыландыру үшін форвардтық сатып алу механизмдерін қайта қарадық. Алайда әкімдіктер жеткізушілерге қаржы бөлуді доғарар емес. Өкінішке қарай, ол делдалдарды көбейткеннен басқа нәтиже беріп отырған жоқ. Өңірлерге тиімді бағамен тұрақтандыру қорларын толтырып алуға мүмкіндік берілді. Бірақ, атқарылған жұмысты көре алмай отырмыз»,- деді Смайылов сейсенбі күні.
   Жыл басынан бері сауда саласында заңдылықты бұзудың ешқандай фактісі анықталған жоқ.
   «Барлық әкімдіктерге өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсыныстар жіберілді. Алайда өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге "қинағандай етіп" мәжбүрлеп отырмыз. Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ", - деді ол.

adimage