Коронавирусқа байланысты Қазақстан Оңтүстік Кореяға және Иранға 1 наурыздан бастап әуе рейстерін азайтады

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ - Коронавирусқа байланысты Қазақстан Оңтүстік Кореяға және Иранға 1 наурыздан бастап әуе рейстерін азайтады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Кореядағы және Ирандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустың Қазақстанда таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауда.Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 наурызынан бастап тұрақты рейстер келесі тәртіпте шектеледі: "Эйр Астана" Алматы-Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске дейін; Нұр-Сұлтан-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін; "Asiana Airlines" Алматы-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін. «Mahan Air»: Алматы-Тегеран, аптасына 1 рет жасалатын рейс тоқтатыла тұрады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ИИДМ жолаушыларына «жолаушыларға жақын арада Оңтүстік Кореяға сапарлаудан бас тартуға, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан Қазақстанға оралу үшін осы шараларды ескеруді» ұсынады.
«Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Әуе билеттерді қайтару айыппұлсыз және толық көлемде рәсімделеді», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 80 мыңнан асады, қайтыс болғандар – 2,7 мыңнан астам, 19 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.

adimage