Коронавирусты инфекцияны жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр – Алматының қалалық денсаулық басқармасынан

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Коронавирусты инфекцияны жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр, деп мәлімдеді Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
«Бүгінгі таңда қаланың жұқпалы аурулар стационарында коронавирусты жұқтырған 96 науқас жатыр, соның ішінде төртеуі - бала. 72 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, біреуінікі өте ауыр, төртеуінің жағдайы ауыр, 19 ересек адамның жағдайы орташа ауыр», - деді Әбілдаев жұмадағы брифингте.
Ол еске салғандай, 26 адам коронавирусты инфекциядан жазылып, ауруханадан шығарылған.
«Қаланың провизорлық орталықтарында 250 адам жатыр, оның 29-ы бала, ал карантиндік оқшаулауда – 84 азамат жатыр, үйде (карантинде – ҚазТАГ) – 5306 адам», - деп атап өтті Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 802 жағдайы тіркеліп, 60-ы жазылып, тоғыз адам көз жұмған еді.

adimage