Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Коронавирусты инфекцияға қарсы екпе алғандар еркін жүріп-тұру туралы электронды төлқұжат алады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Жүйеленген есеп үшін епенің электронды төлқұжаты әзірленді. Екпе жүргізілгені туралы ақпарат министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта жүргізіледі. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға қабілетті және барлық екпе алғандарға сұраған жерлері бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді», - деді Цой.
Ол атап өткендей, пациенттер мәліметті M-gov мобильді қосымшасы арқылы қолмен, ал медицина қызметкерлері web-қосымшасы арқылы енгізе алады.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24