Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 млн асты

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ - Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 млн асты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 20 023 502 жағдайы анықталған, 733 995 адам көз жұмған және 12 897 985 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (5 199 444 адам ауру жұқтырса, 165 617 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (3 035 582, 101 136), үшінші орында - Үндістан (2 214 137, 44 466), төртінші орында - Ресей (887 536, 14 931), бесінші орында – Оңтүстік Африка (559 859, 10 408), алтыншы орында – Мексика (480 278, 52 298), жетінші орында – Перу (478 024, 21 072), сегізінші орында – Колумбия (387 481, 12 842), тоғызыншы орында - Чили (373 056, 10 077), оныншы орында – Испания (361 442, 28 503).
Қазақстан аталмыш тізімде Катар (112 947, 184) мен Мысыр (95 492, 5009) ортасында орналасып, 26-орынға көтерілді (30 шілдедегі ақпармен салыстырғанда) 98 701 адам жұқтырған (8 тамыздағы ақпар) және 1058 адам көз жұмған.
Атап өтелік Қытайда 84 668 адам жұқтырып, 4634 адам көз жұмған, сөйтіп бұл ел 30-орынға шықты.
Жалпы тізімде 215 ел тұр.
9 тамыздағы ақпар бойынша Қазақстанда 99 442 адам коронавирус жұқтырған, 72523 адам жазылған, 1058 адам көз жұмған.
2 тамыздан бастап Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 13 121 жағайы, адам өлімінің 152 дерегі тіркелді.

adimage