Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 11 млн асты

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ - Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 11 млн асты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 11 011 577 жағдайы анықталған, 524 581 адам көз жұмған және 6 169 462 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (2 837 237 адам ауру жұқтырса, 131 485 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (1 501 353, 61 990), үшінші орында - Ресей (сәйкесінше 667 883, 9859), төртінші орында - Үндістан (628 205, 18 241), бесінші орында - Испания (297 183, 28 368), алтыншы орында – Перу (292 004, 10 045), жетінші орында – Чили (284 541, 5920), сегізінші орында - Ұлыбритания (283 757, 43 995), тоғызыншы орында – Италия (240 961, 34 818), оныншы орында - Мексика (238 511, 29 189), соңында Иран –(232 863, 11 106).
Қазақстан аталмыш тізімде 36- орында тұр (2 шілдедегі ақпар бойынша) 44 075 адам жұқтырған (23 332 симптомды, 20743 бессимптомды), 14 861 адам жазылған, 188 адам өлімі тіркелген.
Жалпы тізімде 215 ел тұр.

adimage