Ливандағы қазақстандық бітімгерлер аман-есен – СІМ

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Ливандағы қазақстандық бітімгерлер аман-есен, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Мұқтар Тлеуберді.
«Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше жойқын жарылыс болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпаратты алғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. (…) Ливанда БҰҰ бітімгерлік құрамы бар, олардың құрамында 120 қазақстандық жауынгер болатын. Қазіргі уақытта оларды ауыстыру процесі жүруде және кеше ғана біздің қазақстандық бітімгерлер елге қайтқан еді. Олар орналасқан жерге аман-есен оралды», - деді Тлеуберді сәрсенбі күні.
Оның айтуынша, қазір Ливандағы консулдық есепте 113 Қазақстан азаматы бар.
«Біздің дипломаттар олармен байланыста, олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне зардап келтірілді, ол қалпына келтірілетін болады. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ», - деді Тлеуберді.

adimage