МҚІжСЖҚА төрағасының орынбасары ауысты

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІжСЖҚА) төрағасының орынбасары ауысты, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады бейсенбіде Ақордадан.
Бектенов 2018 жылдың маусымынан бері ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
О Жазыкбаев кадр жұмысы депаратментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар бйоынша аға инспектор, ҚР ІІМ академиясының кадр бөлімінің бастығы, сенат аппаратының әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сенаттың кадр жұмысы және мемлекеттік құпияны сақтау бөлімінің меңгерушісі болған.


adimage