Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып тағайындалды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарда.
Мурзалин 2019 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.
Елші қызметін бұған дейін Бауыржан Мұхамеджанов атқарған.

adimage