Маңғыстау облысындағы тас жолда жүк көлігі өртенді

Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ - Маңғыстау облысындағы тас жолда ауыр жүк машинасы жанып кетті, деп хабарлайды «Лада».
«Жүк көлігінің өртенуі 24 тамызда Шетпе ауылының маңындағы тас жолда болған. Полицейлердің айтуынша, өрттің алдын-ала себебі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Жүк көлігінің кабинасы толығымен жанып кеткені, ал тіркеме бүлінбегені айтылған.

adimage